https://sputnik.kz/20230522/avtokolik-tarikhyn-onlayn-tekseruge-bolady-35116012.html
Автокөлік тарихын онлайн тексеруге болады
Автокөлік тарихын онлайн тексеруге болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. "Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлады... 22.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-22T07:56+0500
2023-05-22T07:56+0500
2023-05-22T07:56+0500
автокөлік
онлайн режим
https://sputnik.kz/img/336/51/3365183_4:0:1920:1078_1920x0_80_0_0_ee7fe57eea674bdcdec8459d46ac56a5.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. "Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлады Polisia.kz сайты.ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және "Halyk Bank", "Bereke Bank", "CenterCredit", "ForteBank" мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.ІІМ "автокөлік тарихына""бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/336/51/3365183_352:0:1789:1078_1920x0_80_0_0_01320b4d6d80e394af294e24317064ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, онлайн режим
Автокөлік тарихын онлайн тексеруге болады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. "Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлады
Polisia.kz сайты.
ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.
Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:
автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;
кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.
Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және "Halyk Bank", "Bereke Bank", "CenterCredit", "ForteBank" мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.
ІІМ "автокөлік тарихына""бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.