https://sputnik.kz/20230522/kudebaevqa-qashuga-komektesti-degen-kudikpen-tort-adam-qamauga-alyndy-35151317.html
Күдебаевқа қашуға көмектесті деген күдікпен төрт адам қамауға алынды
Күдебаевқа қашуға көмектесті деген күдікпен төрт адам қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 мамыр - Sputnik. Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу фактісіне қатысты қылмыстық істі... 22.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-22T16:18+0500
2023-05-22T16:18+0500
2023-08-09T17:01+0500
халықаралық іздеу
алматы облысы
полиция
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34388067_0:48:424:287_1920x0_80_0_0_d7f10eea1ad28f5c529593c5180f0406.jpg
АЛМАТЫ, 22 мамыр - Sputnik. Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу фактісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша төрт адам ұсталды, деп хабарлайды 24.kg басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, шекара қызметінің әскери қызметшісі бақылау өткізу пунктінің бірінде Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысының Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының соңында Алматы полиция ведомствосының экс-басшысына қатысты сот отырысы Күдебаевтың қатыспауы салдарынан бірнеше рет ауыстырылды. Кейіннен Күдебаевтың қашып кеткені анықталып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Ресми ақпарат бойынша, Серік Қүдебаев Түркияда ұсталып, арнайы бортпен Қазақстанға қайтарылды. Алайда оның отбасы Күдебаев өз еркімен елге оралғанын айтады. Биыл сәуірдің соңында Талдықорған қалалық сотының үкімімен Серік Күдебаев генерал-майор атағы мен 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Серік Қүдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол алты жылдан астам Алматы полициясы департаментінің бастығы болған.
алматы облысы
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34388067_0:69:424:388_1920x0_80_0_0_ad968bf270e9c6cfcb46ce02535a2935.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
халықаралық іздеу, алматы облысы, полиция, қырғызстан
халықаралық іздеу, алматы облысы, полиция, қырғызстан
Күдебаевқа қашуға көмектесті деген күдікпен төрт адам қамауға алынды
16:18 22.05.2023 (жаңартылды: 17:01 09.08.2023) АЛМАТЫ, 22 мамыр - Sputnik. Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу фактісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша төрт адам ұсталды, деп хабарлайды
24.kg басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, шекара қызметінің әскери қызметшісі бақылау өткізу пунктінің бірінде Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысының Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.
"Бұдан әрі Серік Қүдебаев Түркияға "Манас"әуежайы арқылы ұшып кетті. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іске қатысы бар деген төрт күдікті Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қатысушылардың бірі - әскери қызметші, қалған ұсталғандар - тұрғындар", - деп жазады 24.kg.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының соңында Алматы полиция ведомствосының экс-басшысына қатысты сот отырысы Күдебаевтың қатыспауы салдарынан бірнеше рет ауыстырылды. Кейіннен Күдебаевтың қашып кеткені анықталып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Ресми ақпарат бойынша, Серік Қүдебаев Түркияда ұсталып, арнайы бортпен Қазақстанға қайтарылды. Алайда оның отбасы Күдебаев
өз еркімен елге оралғанын айтады.
Биыл сәуірдің соңында Талдықорған қалалық сотының үкімімен Серік Күдебаев генерал-майор атағы мен
10 жылға бас бостандығынан айрылды.
Серік Қүдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол алты жылдан астам Алматы полициясы департаментінің бастығы болған.