Тоқаевтың Қытайға сапары туралы "Алтын Достық" фильмі көрсетіледі

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан мен Қытайдың туы
Қазақстан мен Қытайдың туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. 21 мамырда Қазақстанның барлық телеарнасында "Алтын Достық" фильмі көрсетіледі, деп хабарлады президенттің телерадио кешені.
Фильмде Қазақстан президентінің 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік іс-сапары көрсетіледі.
Мемлекет басшысы Сианда ҚХР басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізіп, стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ол ҚХР-да "Орталық Азия-Қытай" саммитіне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарының қорытындысы туралы ҚР президенті телерадиокешенінің "Алтын достық" атты жаңа деректі фильмінде көрсетіледі.
Касым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин провели переговоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Саясат
Қытайға мемлекеттік сапарым ойдағыдай өтті - Тоқаев
Жаңалықтар
0