Саясат

Қытайға мемлекеттік сапарым ойдағыдай өтті - Тоқаев

© PhotoКасым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин провели переговоры
Касым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин провели переговоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.
"Кеше Сиань қаласында жоғары деңгейдегі қазақ-қытай келіссөздері өтті. Біз төраға Си Цзиньпинмен бірге екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері бойынша нақты келісімдерге қол жеткіздік, бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Менің Қытайға мемлекеттік сапарым ойдағыдай өтті деп сеніммен айтуға болады. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің арасындағы тығыз ынтымақтастыққа зор серпін береді", - деді Тоқаев.
Президент әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке – 31 миллиард долларға жетті", - деді Тоқаев.
Қытай Қазақстан экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Инвестицияның жалпы көлемі 23 миллиард доллардан асқан.
Қазір "Астана" халықаралық қаржы орталығында 73 елдің 1 800-ден астам компаниясы тіркелген. Оның оннан бірі – Қытай компаниялары.
Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге мүмкіндік беретін бағыттарды атады:
1.
энергетика саласындағы байланысты нығайту;
2.
өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жандандыру;
3.
электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру;
4.
агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту;
5.
құрлықтағы көлік дәліздерін дамыту;
6.
туризм саласын дамыту;
7.
қаржы саласындағы серіктестікті нығайту.
Президент соңғы жылдары елімізде қытай көліктеріне деген қызығушылық арта түскенін атап өтті.
"Cherry, Jac, Exeed және Haval брендтері – ең көп сатылатын автокөліктер қатарында. Бұл саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп жатырмыз. Қазақстанда қытай автокөліктерін құрастыру қолға алынуда", - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Тоқаевты туған күнімен қай елдердің басшысы құттықтады
Жаңалықтар
0