Спорт

Рыбакина Римдегі турнирде жеңіске жетті

Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі "Мастерс" сериясы турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Рыбакина финалда украиналық Ангелина Калининамен кездесті.
Бірінші сет 6:4 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілсе, екінші сетте Ангелина жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Осылайша Рыбакина титулды жеңіп алды.
Осы жеңісі үшін қазақстандық теннисшіге 521 754 еуро және 1000 рейтинг ұпайы беріледі.
Айта кетері, бұл Елена Рыбакинаның биыл иеленген екінші титулы: наурыз айында қазақстандық Индиан-Уэллстегі (США) турнирде жеңіске жеткен болатын.
Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Спорт
Елена Рыбакина "Мастерс" турнирінің финалына шықты
Жаңалықтар
0