Спорт

Елена Рыбакина "Мастерс" турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орын) Италияның Рим қаласында өтіп жатқан "Мастерс" турнирінің жартылай финалында латвиялық Елена Остапенконы (20-орын) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Матч екі сетте де Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Есеп — 6:2, 6:4.
Айта кетері, екінші сет қатты жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтатылды.
Финалға шыққаны үшін Рыбакинаға 272 200 еуро және 650 рейтинг ұпайы беріледі. Ал егер қазақстандық титулды жеңіп алса, онда 521 754 еуро мен 1000 ұпай еншілейді.
Рыбакина финалда украиналық Ангелина Калининамен (47-ші орын) кездеседі. Матч 20 мамыр күні өтеді.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2023
Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңіліп қалды, бірақ рекорд орнатты
Жаңалықтар
0