Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңіліп қалды, бірақ рекорд орнатты

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2023
Жазылу
Қазақстандық теннисші WTA 1000 бір турнирінде 60-тан астам эйс орындаған алғашқы теннисші болып отыр
АСТАНА, 2 сәуір - Sputnik. Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өткен WTA-1000 турнирінің финалында чехиялық теннисші Петра Квитовадан жеңіліп қалды.
Петра Квитова - "Уимблдонның" екі дүркін чемпионы, кезінде әлемнің екінші ракеткасы болған. Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 12-ші орында тұр.
Финалдағы жекпе-жектің есебі - 7:6(16:14), 6:2.
Елена Рыбакинада 5 сетболболды. Ол әлемдік рейтингте жетінші позицияға тұрақтады.
Марапаттау рәсімі кезінде Рыбакина турнир барысында қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдірді. Спортшы жеке өзінің командасына алғысын айтып, Майамиге тағы келетінін айтты.
Жаңалықтар
0