https://sputnik.kz/20230518/qazaqstanda-zhumys-ornynda-tiiskeni-ushin-zhaza-engizile-me-35046529.html
Қазақстанда жұмыс орнында тиіскені үшін жаза енгізіле ме
Қазақстанда жұмыс орнында тиіскені үшін жаза енгізіле ме
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Мәжілісте әділет вице-министрі Алма Мұқанова "Кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару... 18.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-18T16:35+0500
2023-05-18T16:35+0500
2023-05-18T16:35+0500
қоғам
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995876_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_76a113dccc41e90fc4def7040b9dd97a.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Мәжілісте әділет вице-министрі Алма Мұқанова "Кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.Отырыс аяқталған соң, журналистер жаңа заң жобасында жұмыс орнында жыныстық мақсатпен тиіскені үшін әкімшілік немесе қылмыстық жаза туралы норма қарастырылмағанына назар аударды.Мұқанованың айтуынша, тиісті ұсыныс әділет министрлігіне келіп түскен.Біз мемлекеттік орган ретінде кез келген ұсынысты бекіте алмаймыз – нормаларды негіздеу керек. Зерделеу үшін фактілерге, статистикаға, халықаралық тәжірибе мен теорияға сүйенеміз, деп толықтырды Мұқанова."Мұндай норманы енгізу қажет деп танылған жағдайда, біз тиісті бастама көтере аламыз. Сол себепті қазіргі практиканы зерттеу қажет. Біз оған диспозиция мен санкцияны дұрыс қалыптастыруға тиіспіз. Жай ғана "жұмыс орнында тиісу" деп жаза салмаймыз. Тиісу дегеннің астарында нені айтып тұрмыз, оның белгілері қандай, соның бәрін заң жүзінде негіздеу керек", - деп түсіндірді Мұқанова.
https://sputnik.kz/20230421/tekeli-oqushylar-zhynystyq-qatynas-broshyura-34168913.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995876_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_5661ae96c0c1a822a61dcf45335a9722.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс
Қазақстанда жұмыс орнында тиіскені үшін жаза енгізіле ме
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Мәжілісте әділет вице-министрі Алма Мұқанова "Кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.
Отырыс аяқталған соң, журналистер жаңа заң жобасында жұмыс орнында жыныстық мақсатпен тиіскені үшін әкімшілік немесе қылмыстық жаза туралы норма қарастырылмағанына назар аударды.
Мұқанованың айтуынша, тиісті ұсыныс әділет министрлігіне келіп түскен.
"Бүгін таныстырылған заң жобасында мұндай бап жоқ. Бірақ әділет министрлігінің қарауына еңбек сарапшыларынан Қылмыстық кодекске осындай норма енгізу туралы ұсыныс түсті. Проблема бар, сол себепті бұл мәселе қосымша зерделенеді", - дейді вице-министр.
Біз мемлекеттік орган ретінде кез келген ұсынысты бекіте алмаймыз – нормаларды негіздеу керек. Зерделеу үшін фактілерге, статистикаға, халықаралық тәжірибе мен теорияға сүйенеміз, деп толықтырды Мұқанова.
"Мұндай норманы енгізу қажет деп танылған жағдайда, біз тиісті бастама көтере аламыз. Сол себепті қазіргі практиканы зерттеу қажет. Біз оған диспозиция мен санкцияны дұрыс қалыптастыруға тиіспіз. Жай ғана "жұмыс орнында тиісу" деп жаза салмаймыз. Тиісу дегеннің астарында нені айтып тұрмыз, оның белгілері қандай, соның бәрін заң жүзінде негіздеу керек", - деп түсіндірді Мұқанова.