https://sputnik.kz/20230421/tekeli-oqushylar-zhynystyq-qatynas-broshyura-34168913.html
Текеліде оқушыларға жыныстық қатынас туралы брошюра таратылған
Текеліде оқушыларға жыныстық қатынас туралы брошюра таратылған
Sputnik Қазақстан
Текелі қаласында мектеп оқушыларына жыныстық қатынастың түрлері туралы мағлұмат жазылған брошюралар таратылған
2023-04-21T11:26+0500
2023-04-21T11:26+0500
2023-08-09T09:58+0500
өңірлер
жетісу
жыныстық қатынас
оқушы
https://sputnik.kz/img/458/42/4584255_0:4:3163:1783_1920x0_80_0_0_243f7263b97e408bcb696047fe7c63da.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Текелі қаласында мектеп оқушыларына жыныстық қатынастың түрлері туралы мағлұмат жазылған брошюралар таратылған. Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ашулы ата-аналар әлеуметтік желіде балаларға таратылған материалдардың фотосын жариялады. Кітапшада жыныстық қатынастың түрлері туралы толық ақпарат берілген.Жетісу облыстық білім басқармасының мәліметінше, Текелінің №8 мектебінде құқықтық апта аясында 7-9 сынып оқушылары кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау комиссиясының хатшысымен және қалалық аурухананың психологымен кездескен. Мамандар жасөспірімдермен әңгімелесіп, "Буллинг" және "Кибербуллинг" туралы бейнероликтер көрсеткен.Осы жәйттен кейін қалалық аурухана әкімшілігі мектеп басшылығымен бірге ата-аналармен кездесіп, олардан кешірім сұрады.Қалалық білім бөлімі жіберілген ағаттық үшін мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмысын жүргізеді. Білім басқармасы қызметтік тексеріс бастады.Сондай-ақ жуырда мектеп оқушыларымен жұмыс барысында мұндай жағдайларға жол бермеу және жұмыстың белгілі бір форматын әзірлеу мәселесі бойынша "Дөңгелек үстел" ұйымдастырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/458/42/4584255_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_d2a94d497415336521362ba6de9601c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жыныстық қатынас секс оқушылар брошюра
жыныстық қатынас секс оқушылар брошюра
Текеліде оқушыларға жыныстық қатынас туралы брошюра таратылған
11:26 21.04.2023 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Білім басқармасының ақпаратынша, психолог буклеттерді шатастырып алған
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Текелі қаласында мектеп оқушыларына жыныстық қатынастың түрлері туралы мағлұмат жазылған брошюралар таратылған. Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ашулы ата-аналар әлеуметтік желіде балаларға таратылған материалдардың фотосын жариялады. Кітапшада жыныстық қатынастың түрлері туралы толық ақпарат берілген.
Жетісу облыстық білім басқармасының мәліметінше, Текелінің №8 мектебінде құқықтық апта аясында 7-9 сынып оқушылары кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау комиссиясының хатшысымен және қалалық аурухананың психологымен кездескен. Мамандар жасөспірімдермен әңгімелесіп, "Буллинг" және "Кибербуллинг" туралы бейнероликтер көрсеткен.
"Қалалық аурухананың дәрігер-психологы ЖИТС орталығы бекіткен буклеттерді тарату кезінде қателесіп басқа жастағы пациенттерге арналған брошюраларды таратып жіберген", - деп түсіндірді басқармадағылар.
Осы жәйттен кейін қалалық аурухана әкімшілігі мектеп басшылығымен бірге ата-аналармен кездесіп, олардан кешірім сұрады.
Қалалық білім бөлімі жіберілген ағаттық үшін мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмысын жүргізеді. Білім басқармасы қызметтік тексеріс бастады.
Сондай-ақ жуырда мектеп оқушыларымен жұмыс барысында мұндай жағдайларға жол бермеу және жұмыстың белгілі бір форматын әзірлеу мәселесі бойынша "Дөңгелек үстел" ұйымдастырылады.