https://sputnik.kz/20230518/aqmola-oblysy-kasipker-zansyz-ayyppul-35009807.html
Ақмола облысында 100-ден аса кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған
Ақмола облысында 100-ден аса кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған
Sputnik Қазақстан
Облыстық прокуратура кәсіпкерлер құқықтарының бұзылғанын анықтады.
2023-05-18T09:30+0500
2023-05-18T09:30+0500
2023-05-18T09:30+0500
қоғам
кәсіпкер
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703043_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_48bdee7cd317278e1991f25874b9b0f7.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Ақмола облысының прокуратурасы 107 кәсіпкерге қатысты айыппұлдардың күшін жойды, деп хабарлайды бас прокуратура.Облыстық прокуратура кәсіпкерлер құқықтарының бұзылғанын анықтады.Прокуратураның жедел шараларының арқасында кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, жол берілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Айта кетері, прокуратура жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді.Бас прокуратура заңсыз тексеруге, мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болған азаматтардан тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына (+77051291140) дереу хабарласуды сұрады.
https://sputnik.kz/20230303/bas-prokuratura-zhogargy-sottan-belgili-kasipkerge-qatysty-sot-ukiminin-kushin--zhoyudy-surady-32649796.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703043_430:0:2681:1688_1920x0_80_0_0_507f16c2b44dd6f489471d4e231c081e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы кәсіпкер айыппұл бизнес
ақмола облысы кәсіпкер айыппұл бизнес
Ақмола облысында 100-ден аса кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Ақмола облысының прокуратурасы 107 кәсіпкерге қатысты айыппұлдардың күшін жойды, деп хабарлайды бас прокуратура.
Облыстық прокуратура кәсіпкерлер құқықтарының бұзылғанын анықтады.
"Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімдерінің өтуіне қарамастан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзу бойынша 107 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Прокуратураның жедел шараларының арқасында кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, жол берілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетері, прокуратура жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді.
Бас прокуратура заңсыз тексеруге, мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болған азаматтардан тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына (+77051291140) дереу хабарласуды сұрады.