https://sputnik.kz/20230303/bas-prokuratura-zhogargy-sottan-belgili-kasipkerge-qatysty-sot-ukiminin-kushin--zhoyudy-surady-32649796.html
Бас прокуратура жоғарғы соттан белгілі кәсіпкерге қатысты сот үкімінің күшін жоюды сұрады
Бас прокуратура жоғарғы соттан белгілі кәсіпкерге қатысты сот үкімінің күшін жоюды сұрады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз - Sputnik. Бас прокуратура жоғарғы соттан қазақстандық кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады, деп хабарлады оның... 03.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-03T13:00+0500
2023-03-03T13:00+0500
2023-03-03T13:00+0500
кәсіпкер
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_0:42:1281:762_1920x0_80_0_0_7846e4b5f2b9f1efdbbbc6468f676305.jpg
АСТАНА, 3 наурыз - Sputnik. Бас прокуратура жоғарғы соттан қазақстандық кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады, деп хабарлады оның адвокаты Сәуле Көбжанова. "Бас прокуратура 27 ақпанда жоғарғы сотқа өткен сот актілерінің күшін жоюға кассациялық наразылық әкелді", - делінген бас прокуратураның хатында. 2020 жылдың шілдесінде Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Алмас Әбдіғаппаровқа аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ұрлады деген айып тағылған болатын. Оны жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған. Алмас Әбдіғаппаров - белгілі қазақстандық кәсіпкер, Parmigiano Group негізін қалаушы, оның иелігінде Қазақстандағы 20-дан астам мейрамхана, сондай-ақ тамақ жеткізу қызметі, көшпелі қызмет көрсету сервисі мен қонақ үйлер бар. Әбдіғаппаров AV-Construction және AV-Architects архитектуралық бюросын құрған. Кәсіпкердің басты құрылыс жобасы - Esentai city кешені.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_57:0:1194:853_1920x0_80_0_0_36937ae3a41902bf3c3d96e745ed6d35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, бас прокуратура
кәсіпкер, бас прокуратура
Бас прокуратура жоғарғы соттан белгілі кәсіпкерге қатысты сот үкімінің күшін жоюды сұрады
АСТАНА, 3 наурыз - Sputnik. Бас прокуратура жоғарғы соттан қазақстандық кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады, деп хабарлады оның адвокаты Сәуле Көбжанова.
"Бас прокуратура 27 ақпанда жоғарғы сотқа өткен сот актілерінің күшін жоюға кассациялық наразылық әкелді", - делінген бас прокуратураның хатында.
2020 жылдың шілдесінде Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Алмас Әбдіғаппаровқа аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ұрлады деген айып тағылған болатын. Оны жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған.
"Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша бас прокуратура заңсыз айыптау үкімінің күшін жоюға кассациялық наразылық білдірді. Бас прокурор Берік Ноғайұлы Асыловқа әділеттігі үшін алғыс айтамыз! Жоғарғы соттың кассациялық сатысы да сот төрелігі қағидаттарына адалдықпен қарайды деп үміттенеміз", - деп Сәуле Көбжанова әлеуметтік желіде жазды.
Алмас Әбдіғаппаров - белгілі қазақстандық кәсіпкер, Parmigiano Group негізін қалаушы, оның иелігінде Қазақстандағы 20-дан астам мейрамхана, сондай-ақ тамақ жеткізу қызметі, көшпелі қызмет көрсету сервисі мен қонақ үйлер бар.
Әбдіғаппаров AV-Construction және AV-Architects архитектуралық бюросын құрған. Кәсіпкердің басты құрылыс жобасы - Esentai city кешені.