Оқиға

Алматы облысында жазасын өтеп жүрген әйел колониядан қашып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Алматы облысында №10 мекемеде жазасын өтеп жүрген әйел қашып кетті, деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Ол Жауғашты ауылындағы түрмеден 12 мамырда қашып шыққан.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында, сотталған әйел мекеме аумағында ұсталды. Бұл оқиға ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды", - дейді ҚАЖД баспасөз қызметі.

Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылады, дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Колония чрезвычайной безопасности ЕЦ-166/5 в поселке Аршалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2019
Өңірлер
Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар
0