Өңірлер

Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Колония чрезвычайной безопасности ЕЦ-166/5 в поселке Аршалы
Колония чрезвычайной безопасности ЕЦ-166/5 в поселке Аршалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қостанай колониясындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Қостанайдағы түзету мекемесінде жасырын түсірілген видео желіде тарап кетті. Ролик авторы оқиғаның 161/2 колониясында болғанын айтады. Видеода төрт адамның түзету мекемесінде тамақтанып отырғаны көрінеді. Камерада мол дастарқан жайылып, теледидар жұмыс істеп тұр. Бөлменің терезесінде перде ілінген.

Бұл колонияда Батыс Қазақстанның спорт басқармасының экс-басшысы Мүсілім Оңдағанов жазасын өтеп жүр. Ол 200 миллион теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Видео авторының айтуынша, түзету мекемесінде қылмыстық топ басшыларына жеңілдіктер қарастырылған. Олар тіпті режимді де бұзады.

Тағы оқыңыз: Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел анықталды - фото

Қылмыстық-атқару жүйесінің жергілікті департаменті бұл жағдайды растады. Қостанай колониясындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Жаңалықтар
0