Тоғжановтың мерейтойы ең қымбат мейрамханада тойланды ма – әкімнің өзі жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневЕралы Тугжанов
Ералы Тугжанов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Оған сәйкес, жақында облыс әкімінің мерейтойы ең қымбат мейрамханада тойланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
13 мамырда Тоғжанов 60 жасқа келді. Осыдан кейін әлеуметтік желіде әкімнің мерейтойы Ақтөбе қаласындағы ең қымбат мейрамхана - "Арована Гранд Паркте" тойланғаны туралы ақпарат тарады. Ал шенеуніктер оған қызметтік көлікпен барған.
Бүгін Тоғжанов президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының дамуы туралы есеп берді. Сол кезде журналистер желіде тараған ақпарат туралы сұрады. Әкім оны жоққа шығарды.
"Бізде отбасылық бір дәстүр бар. Туған күнді әдетте 12-сінен 13-іне қараған түні тойлаймыз. Сол кезде балаларым да, достарым да құттықтайды. Маңғыстауда да солай болды. Әлі есімде, 2018 жылы мен Астанада болғанда олар ештеңе айтпай, 12-сі күні ұшақпен ұшып келді. Сондықтан мен ол күнді үйде отбасымен бірге тойлап отырамын", - деді Тоғжанов.
Оның айтуынша, биыл 13 мамырда жұмыс сапарымен Қобда ауданына барды. Ол жақта бірқатар құрылыс нысандарын көріп, түстен кейін спорттық шараларға қатысты.
"Сол күні кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істедім. Адамдар мені міндетті түрде бір жерде тойлауы керек деп ойлайтын шығар. Ал біреулер қызметтік көліктерді көрсе, оны арнайы қызметтер тексереді. Оған қатысты тапсырма бердім. Бірақ мендегі ақпарат бойынша ол күні бірде-бір мемлекеттік көлік еш жерде болмаған, болуы да мүмкін емес", - деп атап көрсетті облыс әкімі.
Нұрлыбек Нәлібаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Тоғжанов қымбат сағатымен желіні шулатқан әкімге қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар
0