https://sputnik.kz/20220623/togzhanov-sagat-akim-25713438.html
Тоғжанов қымбат сағатымен желіні шулатқан әкімге қатысты түсініктеме берді
Тоғжанов қымбат сағатымен желіні шулатқан әкімге қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Вице-премьер Ералы Тоғжанов желіні шулатқан Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың әрекетіне түсініктеме берді, деп... 23.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-23T10:23+0500
2022-06-23T10:23+0500
2022-06-23T10:23+0500
ералы тоғжанов
нұрлыбек нәлібаев
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24049736_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_4d3cd53041f68b17d98a918c7f40f043.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Вице-премьер Ералы Тоғжанов желіні шулатқан Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың әрекетіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қымбат сағаты қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары бренд сағаттың 9 миллион теңге тұратынын жазды. Кейінірек 17 маусымда Нәлібаев елордаға парламенттік тыңдауға келген кезде журналистер әкімнен қымбат сағаты туралы сұрағысы келген. Алайда ол БАҚ өкілдерін көре сала, қашып кетті.Үкімет кулуарында Ералы Тоғжанов облыс әкімімен әлі талай кездесу болатынын, сол кезде мән-жайды толық баяндап беретінін айтты.Ал Нәлібаевқа сөгіс жарияланды ма деген сұраққа Тоғжанов мұны президент әкімшілігінен сұрау керек екенін айтты.Келеңсіз жайттан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев желідегі парақшасында журналистерден неге қашып кеткенін жазып, ақталған еді. Айтуынша, ол басқа кездесуге кешігіп бара жатқан. Ал бренд сағатты бизнесмен болған кезінде сатып алған екен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24049736_137:0:1037:675_1920x0_80_0_0_951450c5557b00b92a18af89ba5c273d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ералы тоғжанов, нұрлыбек нәлібаев
ералы тоғжанов, нұрлыбек нәлібаев
Тоғжанов қымбат сағатымен желіні шулатқан әкімге қатысты түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Вице-премьер Ералы Тоғжанов желіні шулатқан Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың әрекетіне түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қымбат сағаты қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары бренд сағаттың 9 миллион теңге тұратынын жазды. Кейінірек 17 маусымда Нәлібаев елордаға парламенттік тыңдауға келген кезде журналистер әкімнен қымбат сағаты туралы сұрағысы келген. Алайда ол БАҚ өкілдерін көре сала, қашып кетті.
Үкімет кулуарында Ералы Тоғжанов облыс әкімімен әлі талай кездесу болатынын, сол кезде мән-жайды толық баяндап беретінін айтты.
"Мейлінше қарапайым болу міндеті барлық әкімге қойылды. Менің ойымша, өз функционалды міндеттері аясында бәрі мұны орындайды", - деді вице-премьер.
Ал Нәлібаевқа сөгіс жарияланды ма деген сұраққа Тоғжанов мұны президент әкімшілігінен сұрау керек екенін айтты.
Келеңсіз жайттан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев желідегі парақшасында журналистерден неге қашып кеткенін жазып, ақталған еді. Айтуынша, ол басқа кездесуге кешігіп бара жатқан. Ал бренд сағатты бизнесмен болған кезінде сатып алған екен.