Қоғам қайраткері: тарифті көтеру - халықтың қалтасын қағу

© Sputnik / Владислав ВодневЛампочка
Лампочка - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Қоғам қайраткері Петр Своик коммуналдық тарифтерді көтеруге болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сарапшының айтуынша, бүгінде энергетикалық база қатты ескірген, оны шұғыл жаңарту қажет. Оған қажетті қаражат болмағаннан кейін тарифті көтеруден басқа амал қалмады.

“Ал тарифті көтеру - халықтың қалтасын қағу, экономикаға да кері әсері бар. Себебі электр энергиясы - бұл ұлттық ресурс. Осы ресурс неғұрлым төмен болса, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан Қазақстанда тарифті көтеру идеясының өзі дұрыс емес, оны ашық айту керек. Энергетиканы тарифтен тыс жолдармен қаржыландыру қажет. Әйтпесе, қиын болады”, - деді Своик Астанада өткен конференцияда.

Осы орайда сарапшы қаржыландырудың тағы бір жолын ұсынды. Оның ойынша, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын энергетиканы дамыту үшін пайдалануға болады. Соның арқасында зейнетақы жинақтарын көбейтуге мүмкіндік бар.
“Мысалы, Балқаш атом электр станциясын БЖЗҚ-ның қаржысына салып шықсақ, бұл супержоба болады. Соның нәтижесінде тамаша энергетика және лайықты зейнетақы болады. Тарифке 1-2 теңге қоссын, соның өзі жақсы зейнетақы алып тұруға мүмкіндік береді”, - деп атап көрсетті Своик.
Айта кетері, Қазақстанда маусым, шілде айларынан бастап жылу мен электр энергиясы қымбаттайды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Жылу және электр энергиясы қанша пайызға қымбаттайтыны белгілі болды
Жаңалықтар
0