Жылу және электр энергиясы қанша пайызға қымбаттайтыны белгілі болды

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда маусым, шілде айларынан бастап жылу мен электр энергиясы қымбаттайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, жылу желілерінің 80-85% тозған. Әсіресе кәріз құбырларының жағдайы мүшкіл. Мәселені шешу үшін тарифті көтеру керек.
"Биыл электр энергиясының тарифін шілде айынан бастап көтеру жоспарланып отыр. Жылудың жаңа тарифі жаңа жылу беру маусымынан басталады. Жұмыстар басталып кетті. Тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі, жылу жүйесінің тозу деңгейіне байланысты. Кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін", - деді Қуантыров.
Министр сондай-ақ тарифті өсіру есебінен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында еңбек ететін дәнекерлеуші, сантехниктердің еңбекақысын көтеру қажеттігін атап өтті.
"Өкінішке орай бұл салада еңбекақы аз төленетіндіктен мамандар жұмыстан кетіп жатыр. Ал бізге жылу желілерін сапалы етіп жасайтын мамандар керек", - деп түсіндірді ол.
Қуантыровтың айтуынша, тарифті көтеру бойынша жергілікті депутаттардың қатысуымен қоғамдық тыңдау болады.
"Тариф халыққа кесірін тигізбеу керек, сондай-ақ үнемдеу де керек. Ең қымбат өнім қай аймақта болатыны белгісіз, бұл мәселені біз талқылаймыз. Халықты тығырыққа тіремеу үшін қымбаттаған тарифтің басым бөлігін бюджеттік мекемелер төлейді", - деп түйіндеді Әлібек Қуантыров.
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Коммуналдық қызметтердің тарифі біртіндеп өседі
Жаңалықтар
0