Коммуналдық қызметтердің тарифі біртіндеп өседі

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай біртіндеп өседі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды.
Қазіргі кезде электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын азайту мақсатында "Тарифті инвестицияға айырбастау" қағидатына көшу жұмыстары басталды.
"Бүгінгі таңда тарифтерді өзгертудің барлық құқықтық негіздері қалыптастырылды. Бұл ретте, олардың өсімі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңімен орын алатын болады", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар барлық тұтынушы үшін коммуналдық қызметтердің әділ құнын қамтамасыз ету мақсатында тұтынудың әлеуметтік нормасын енгізу тетіктері әзірленеді.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2023
Сәтқалиев жылу мен электр энергия тарифі қаншаға өсуі мүмкін екенін айтты
Жаңалықтар
0