https://sputnik.kz/20230405/zhylu-elektr-energiya-tarifi-qanshaga-osui-mumkin-33606072.html
Сәтқалиев жылу мен электр энергия тарифі қаншаға өсуі мүмкін екенін айтты
Сәтқалиев жылу мен электр энергия тарифі қаншаға өсуі мүмкін екенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге байланысты жылу тарифі кем дегенде 25%-ке, ал электр энергиясы 15%-ке көтерілуі мүмкін. Бұл... 05.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-05T17:21+0500
2023-04-05T17:21+0500
2023-04-05T17:21+0500
жылу
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33601756_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_97fa2a376e8ad922cb3aa82ca48f0301.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге байланысты жылу тарифі кем дегенде 25%-ке, ал электр энергиясы 15%-ке көтерілуі мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сондай-ақ электр энергиясының тарифі де көтеріледі. Сәтқалиевтің айтуынша, тарифті екі есе өсіру туралы мәселе осыдан бес жыл бұрын көтерілген. Үкіметпен қызу тартыс болған. "Біз тарифті бірден өсірмеу үшін бес жыл ішінде біртіндеп көтеріп тұрайық дегенбіз. Алайда сол кезде көптеген себепке байланысты бұл шешім қабылданбады. Тиісінше инвестиция да құйылған жоқ. Осы аралықта жылу жүйелері 58 пайыздан 66 пайызға дейін тозып кетті", - дейді ол. Сәтқалиев электр энергиясы тарифі үш-төрт жыл ішінде жыл сайын кем дегенде 15 процентке өсуі керек екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20230405/daulet-muqaev-qazaqstandyqtardy-baspanaly-etudin-zholy-33596952.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33601756_747:0:3478:2048_1920x0_80_0_0_fdd59a199e33700c3106c070d83ad982.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, электр энергиясы
Сәтқалиев жылу мен электр энергия тарифі қаншаға өсуі мүмкін екенін айтты
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге байланысты жылу тарифі кем дегенде 25%-ке, ал электр энергиясы 15%-ке көтерілуі мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жылудың шығыны көп екенін ескерсек, менің ойымша, тариф кем дегенде 25 пайызға өседі. Ал ең көп дегенде қаншаға қымбаттайтыны инвестиция көлеміне байланысты. Бірақ тариф бірден өсіп кетпейді", - деді министр мәжілісте жылу энергетикасы туралы заң жобасын таныстырғаннан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.
Сондай-ақ электр энергиясының тарифі де көтеріледі. Сәтқалиевтің айтуынша, тарифті екі есе өсіру туралы мәселе осыдан бес жыл бұрын көтерілген. Үкіметпен қызу тартыс болған.
"Біз тарифті бірден өсірмеу үшін бес жыл ішінде біртіндеп көтеріп тұрайық дегенбіз. Алайда сол кезде көптеген себепке байланысты бұл шешім қабылданбады. Тиісінше инвестиция да құйылған жоқ. Осы аралықта жылу жүйелері 58 пайыздан 66 пайызға дейін тозып кетті", - дейді ол.
Сәтқалиев электр энергиясы тарифі үш-төрт жыл ішінде жыл сайын кем дегенде 15 процентке өсуі керек екенін атап өтті.