https://sputnik.kz/20230517/aqtobe-oblysyndagy-su-tasqyny-baspanasyz-qalgandarga-qanday-komek-korsetildi-34984709.html
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: баспанасыз қалғандарға қандай көмек көрсетілді
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: баспанасыз қалғандарға қандай көмек көрсетілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір отбасы қолдаусыз қалмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде... 17.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-17T13:18+0500
2023-05-17T13:18+0500
2023-05-17T13:18+0500
ақтөбе облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685204_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_c09925b826b933ae9911d3f86e865576.jpg
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір отбасы қолдаусыз қалмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Биыл өңірде су тасқынынан Қобда ауданының Қобда ауылы мен Ойыл ауданының Қаратал ауылы зардап шеккен болатын. Оның айтуынша, арнайы комиссия барлық ғимараттар мен өзге де нысандарды тексергеннен кейін зардап шеккендер залал сомасы туралы сарапшылардың қорытындыларына сәйкес толық көлемде көмек алады. Су тасқыны салдарын жою мақсатында Қобда және Ойыл аудандарында жергілікті маңызы бар 25,2 шақырым автожолды, 4 көпірді жөндеу, 3 бөгетті нығайту және 26 су өткізу құбырын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, зардап шеккен мектеп ғимараты мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін күрделі жөндеу қарастырылған. Сонымен қатар, Ойыл ауданының екі ауылында бей-жай қарамайтын азаматтардың қатысуымен екі бөгет салу жоспарлануда.
https://sputnik.kz/20230314/aqtobe-oblysynyn-qobda-audanyn-qyzyl-su-basty-32927258.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685204_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_816a65ffafce1f957585564a54f68ba9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, су тасқыны
ақтөбе облысы, су тасқыны
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: баспанасыз қалғандарға қандай көмек көрсетілді
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір отбасы қолдаусыз қалмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Биыл өңірде су тасқынынан Қобда ауданының Қобда ауылы мен Ойыл ауданының Қаратал ауылы зардап шеккен болатын.
"Зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта Қобда ауылында 24 үй, оның ішінде 6 екі пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. 30 отбасы жаңа баспанасына көшеді. Комиссия жұмысы аяқталмағанына қарамастан, ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында Қобда ауылындағы 75 отбасы және Қаратал ауылындағы 11 отбасы 500 мың теңгелік сертификаттарға ие болды. Біз уәде еткендей, бірде-бір отбасы қолдаусыз қалмайды", - деді Ералы Тоғжанов.
Оның айтуынша, арнайы комиссия барлық ғимараттар мен өзге де нысандарды тексергеннен кейін зардап шеккендер залал сомасы туралы сарапшылардың қорытындыларына сәйкес толық көлемде көмек алады.
Су тасқыны салдарын жою мақсатында Қобда және Ойыл аудандарында жергілікті маңызы бар 25,2 шақырым автожолды, 4 көпірді жөндеу, 3 бөгетті нығайту және 26 су өткізу құбырын орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ, зардап шеккен мектеп ғимараты мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін күрделі жөндеу қарастырылған. Сонымен қатар, Ойыл ауданының екі ауылында бей-жай қарамайтын азаматтардың қатысуымен екі бөгет салу жоспарлануда.