https://sputnik.kz/20230314/aqtobe-oblysynyn-qobda-audanyn-qyzyl-su-basty-32927258.html
Ақтөбе облысының Қобда ауданын қызыл су басты
Ақтөбе облысының Қобда ауданын қызыл су басты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Қобда ауданында сел тұрғын үйлердің ішін жайлап кетті. Тығырыққа тірелген аудан жұрты журналистерден көмек сұрады... 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T19:29+0500
2023-03-14T19:29+0500
2023-03-14T19:29+0500
ақтөбе облысы
тасқын
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23909919_0:366:2737:1905_1920x0_80_0_0_ab8d5a5bffb538312aaa868df040bb12.jpg
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Қобда ауданында сел тұрғын үйлердің ішін жайлап кетті. Тығырыққа тірелген аудан жұрты журналистерден көмек сұрады, деп хабарлайды "Диапазон" басылымының тілшісі. Қызыл су көптеген үйлер мен аулаларды толығымен жайлап кеткен. Тұрғындар тек құжаттарын ғана қолтықтап, жан сауғалаған. Талай дүние су астында қалған. Бұл ауданда тұрғын үйлердің барлығы саманнан салынған. Кейбір тұрғынның төрт түлік малы судың астында қалған.Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп полиция да тұрғындарды эвауациялауға кіріскен.Суды жіберу үшін Самара-Шымкент тас жолында канал қазу туралы шешім қабылданды. Барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды.Су басқан үйлердің тұрғындары және мал-мүлкі эвакуацияланып жатыр.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23909919_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_badb658716e4935fcb784ad5f5ef2c56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, тасқын
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Қобда ауданында сел тұрғын үйлердің ішін жайлап кетті. Тығырыққа тірелген аудан жұрты журналистерден көмек сұрады, деп хабарлайды "Диапазон" басылымының тілшісі.
Қызыл су көптеген үйлер мен аулаларды толығымен жайлап кеткен. Тұрғындар тек құжаттарын ғана қолтықтап, жан сауғалаған. Талай дүние су астында қалған.
"Кеше кешкі сағат 19:00-ден кейін су келе бастады. Түнгі сағат 5:00 кезінде ауламен қосып, баспана да су астында қалды. Мен әрбір үйді қарадым. Судың деңгейі адамның белуарына дейін жетті. Үйлердің қабырғалары қақырап кетті", - дейді тұрғындар.
Бұл ауданда тұрғын үйлердің барлығы саманнан салынған. Кейбір тұрғынның төрт түлік малы судың астында қалған.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп полиция да тұрғындарды эвауациялауға кіріскен.
Суды жіберу үшін Самара-Шымкент тас жолында канал қазу туралы шешім қабылданды. Барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды.Су басқан үйлердің тұрғындары және мал-мүлкі эвакуацияланып жатыр.