Ресей Орталық Азия елдерінің студенттеріне бөлінетін квота санын арттырады

© "Валдай" халықаралық пікірталас клубын дамыту және қолдау қоры, 2023Валдай
Валдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Алдағы оқу жылында Ресей Орталық Азия елдерінің студенттері үшін бөлінетін квоталар санын арттырады. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Томск универсиетінің қабырғасында өтіп жатқан "Валдай"халықаралық пікірталас клубының III Орталық Азия конференциясында айтты.

"2023-2024 оқу жылында біз квоталар санын ұлғайтамыз. Қазақстан азаматтарына тағы 200 орын, Қырғызстан студенттеріне тағы 200, Өзбекстанның білім алушыларына тағы 50 орын және Тәжікстан азаматтарына тағы 152 орын бөлінеді", - деді Михаил Галузин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресейде Орталық Азия елдерінің 185 мыңға жуық студенті оқып жатыр. Олардың 68 мыңға жуығы ресейлік бюджет есебінен білім алуда.
Галузиннің айтуынша, жақын арада Орталық Азияның бірқатар елінде жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отыр.
Қырғызстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының, атап айтқанда, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Қазан федералды университеті және жоғары экономика мектебі, Өзбекстанда Ресей гуманитарлық университеті, Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті және Солтүстік Кавказ федералды университетінің филиалдарын ашу жоспарланған.
Сондай-ақ, Михаил Галузин Ашхабадта бірлескен Ресей-түрікмен университетін ашу жобасы келісу сатысында тұрғанын айтты.
Баннер Международного дискуссионного клуба Валдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
"Валдай": Ресей мен Орталық Азияның ынтымақтастығы талқыланды
Жаңалықтар
0