"Валдай": Ресей мен Орталық Азияның ынтымақтастығы талқыланды

© Пресс-служба МИД РФБаннер Международного дискуссионного клуба "Валдай"
Баннер Международного дискуссионного клуба Валдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Томск қаласында "Валдай" пікірталас клубының III Орталық Азия конференциясы басталды. Оған ресейлік министрлердің орынбасарлары, сарапшылар мен шетелдік мамандар келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Конференцияның тақырыбы – өзгеріп жатқан әлемде Ресейдің мүддесін аймақ елдерімен үндестіру. Сондай-ақ Ресей мен Орталық Азияның басымдықтары жаһандық оқиғалардың логикасымен қай жерде түйісетінін және қай жерде сәйкес келмейтінін анықтау", - делінген "Валдай" клубының хабарламасында.
Конференция Томск университетінде өтіп жатыр және 17 мамырға дейін жалғасады. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 60-қа жуық сарашы келді.
Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан сенаты спикерінің кеңесшісі, парламентаризм институтының атқарушы директоры Жанар Тулиндинова, Ресей-Тәжікстан университетіне қарасты геосаяси зерттеулер орталығының директоры Гузель Майтдинова, "Аппликата – центр стратегических решений" қоғамдық қорының атқарушы директоры, Қырғызстан премьер-министрінің кеңесшісі (2019–2020) Кубатбек Рахимов, Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академия кафедрасының меңгерушісі Айнұр Жоробекова, Өзбекстан үкіметі жанындағы аймақтық және макроэкономикалық институт директорының орынбасары Бахтишод Хамидов конференцияға келетінін растады.
Ал аймақтан тыс мемлекеттерден шақырылған қонақтардың ішінде отставкадағы генерал-майор, Делидегі біріккен қорғаныс институтының директоры Бал Кришан Шарма, Ресейдегі Иран елшісі (2013–2019) Мехди Санаи, Шанхай халықаралық зерттеулер институтына қарасты аймақтық зерттеулер мен жаһандық басқару академиясының атқарушы директоры Ян Чэн бар. Ұйымдастырушылар "Валдай" клубының Орталық Азия конференциясы жаңа формат екенін атап өтті. Соған қарамастан, қазірдің өзінде беделді зияткерлік алаң ретінде танылды.
"Сарапшылар арасындағы диалог аймақты және жалпы Еуразиялық кеңістікті дамыту жолдарын бірлесін анықтауға айтарлықтай үлес қосып отыр", - дейді мамандар.
Томск университетін де жайдан-жай таңдаған жоқ. Бүгінде осы жоғары оқу орнында Орталық Азия елдерінен келген жастар көп.
Жаңалықтар
0