https://sputnik.kz/20230516/qazaqstanda-17-myn-otbasy-turgyn-uy-komegin-aldy-34923822.html
Қазақстанда 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды
Қазақстанда 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Биыл үш айдың ішінде республика бойынша 17 мың отбасы 372 млн теңгеден астам қаражатқа тұрғын үй көмегін алды, деп хабарлайды... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T10:08+0500
2023-05-16T10:08+0500
2023-05-16T10:13+0500
тұрғын үй
көмек
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17521178_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_7676a1954dc8c385ea1e633b8f99c2b0.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Биыл үш айдың ішінде республика бойынша 17 мың отбасы 372 млн теңгеден астам қаражатқа тұрғын үй көмегін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Бүгінде заң бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызмет ақысын ішінара өтеу шаралары бар. Ресми мәліметке сәйкес, биыл бірінші тоқсанда 372 млн теңгеден аса қаражатқа 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды. Жалпы, соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам азамат шамамен 5 млрд теңгедей сомаға тұрғын үй көмегіне ие болған. Осы ретте әлеуметтік аз қамтылған отбасының табысы (мысалы 4 адамнан тұратын отбасыны алғанда) бір адамға шаққанда шамамен 25 798 теңгені, ал тұтастай отбасына есептегенде 103 192 теңгеден аспауға тиіс. Былтыр өтемақы мөлшері мен үміткерлердің санын ұлғайтатын өзгерістер енгізілді.Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан 1 миллионнан астам адамның коммуналдық қызметтердің жартысын ғана төлей алатынын жазған. Алайда осы жеңілдікті халықтың 5 проценті ғана пайдаланып отыр.
https://sputnik.kz/20230511/baqytty-otbasy-zhane-shanyraq-turgyn-uy-bagdarlamalaryna-72-mlrd-tenge-bolinedi--34761655.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17521178_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_9159e3b6dba53db99dc1dd371136ad92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, көмек
Қазақстанда 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды
10:08 16.05.2023 (жаңартылды: 10:13 16.05.2023) АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Биыл үш айдың ішінде республика бойынша 17 мың отбасы 372 млн теңгеден астам қаражатқа тұрғын үй көмегін алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінде заң бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызмет ақысын ішінара өтеу шаралары бар.
"Осы орайда елімізде мұқтаж азаматтардың коммуналды қызметтерге жұмсалған шығындарын өтеу үлесі орта есеппен – 52,8%. Аталған тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен төленетінін, сондай-ақ оны тағайындаудың белгіленген ережелері бар екенін айта кетейік. Ал өтелетін шығындардың шекті деңгейі мен тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін жергілікті мәслихаттар бекітетінін ескерген жөн", - дейді министрлік мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл бірінші тоқсанда 372 млн теңгеден аса қаражатқа 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды. Жалпы, соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам азамат шамамен 5 млрд теңгедей сомаға тұрғын үй көмегіне ие болған.
Осы ретте әлеуметтік аз қамтылған отбасының табысы (мысалы 4 адамнан тұратын отбасыны алғанда) бір адамға шаққанда шамамен 25 798 теңгені, ал тұтастай отбасына есептегенде 103 192 теңгеден аспауға тиіс.
Былтыр өтемақы мөлшері мен үміткерлердің санын ұлғайтатын өзгерістер енгізілді.
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан 1 миллионнан астам адамның коммуналдық қызметтердің жартысын ғана төлей алатынын жазған. Алайда
осы жеңілдікті халықтың 5 проценті ғана пайдаланып отыр.