https://sputnik.kz/20230516/memlekettik-qaryzdy-oteuge-zhane-qyzmet-korsetuge-29-trln-tenge-zhumsaldy-34942034.html
Мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн теңге жұмсалды
Мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн теңге жұмсалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Былтыр Қазақстан мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн теңге жұмсаған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T15:20+0500
2023-05-16T15:20+0500
2023-05-16T15:20+0500
сыртқы қарыз
мемлекеттік қарыз
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_028bb4d962af9bcf25ff82e44edcec6f.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Былтыр Қазақстан мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн теңге жұмсаған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Годунованың айтуынша, қазір мемлекеттік қарыз қауіпсіз шекте.Оның айтуынша, 2030 жылға қарай үкіметтік борыш өседі деген тәуекел бар."Бізде аталған кезеңге шектеу жалпы ішкі өнімге шаққанд 27%-тен аспау керек деп белгіленген. Алайда сарапшылар қарыз 49 пайызға дейін өседі деп болжап отыр", - дейді палата төрағасы.Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш – 25,3 трлн теңге. Оның ішінде үкіметтің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 21,7% немесе 22 трлн теңгені құрап отыр.2022 жылы бюджет тапшылығы 2,4 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге шаққанда 2,4% құрады. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылған.
https://sputnik.kz/20230516/byltyr-memlekettik-organdar-81-mlrd-tengeni-igermegen-34941389.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_97:0:2348:1688_1920x0_80_0_0_5e428f2bb01a27da4ea8ea1e90c0ef0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы қарыз, мемлекеттік қарыз
сыртқы қарыз, мемлекеттік қарыз
Мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн теңге жұмсалды
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Былтыр Қазақстан мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн теңге жұмсаған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Годунованың айтуынша, қазір мемлекеттік қарыз қауіпсіз шекте.
"Мемлекеттік борыш жалпы ішкі өнімге шаққанда 24,6 пайызды құрады. Қарыздарды өтеуге және қызмет көрсетуге барлық табыстың 25%-і және республикалық бдюджеттің 16%-і немесе 2,9 трлн теңге жұмсалды. Барлық табыстың 25 пайызы туралы айтсақ, біз мұны бәрібір де көп деп санаймыз", - деді Годунова мәжілісте 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырып.
Оның айтуынша, 2030 жылға қарай үкіметтік борыш өседі деген тәуекел бар.
"Бізде аталған кезеңге шектеу жалпы ішкі өнімге шаққанд 27%-тен аспау керек деп белгіленген. Алайда сарапшылар қарыз 49 пайызға дейін өседі деп болжап отыр", - дейді палата төрағасы.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш – 25,3 трлн теңге. Оның ішінде үкіметтің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 21,7% немесе 22 трлн теңгені құрап отыр.
2022 жылы бюджет тапшылығы 2,4 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге шаққанда 2,4% құрады. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылған.