https://sputnik.kz/20230516/khabarlama-zhazyp-kezdesuge-shaqyrgan-11-zhastagy-qyzga-qyryndagy-er-adamga-izdeu-zhariyalandy-34925145.html
SMS жазып, кездесуге шақырған: 11 жастағы қызға қырындаған ер адамға іздеу жарияланды
SMS жазып, кездесуге шақырған: 11 жастағы қызға қырындаған ер адамға іздеу жарияланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында 11 жастағы қызды аңдыған 55 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. Жеткіншектің анасы Sputnik Қазақстан... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T10:41+0500
2023-05-16T10:41+0500
2023-05-16T10:55+0500
алматы облысы
педофил
https://sputnik.kz/img/1109/89/11098939_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_f523c8c4a01915e95453b4e8ff44a4e3.jpg
АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында 11 жастағы қызды аңдыған 55 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. Жеткіншектің анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді. Қыздың анасы Динара Айтмұратова 7 мамырдан бері ұйқыдан қалған. Қыздың туыстары құрылысшыдан ұялы телефонын алып алған. Алайда ол хабарламаларды өшіріп тастаған. "Оның жасы 55-те. Қызымның номерін алғанын, жазғанын мойындады. Өзінің телефонынан хабарламаларды өшіріп тастаған. Бірақ мен кей жазбаларды скрин жасап үлгердім. Ұялы телефонын ақтарып қарасақ, тек порновидеолар көреді екен. Оның ішінде балалардың қатысумен болған порновидеолар бар. Көріп жаның түршігеді. Біз полиция шақырттық, ол қашып кетті", - дейді қыздың анасы. Тұратын жеріне іздеп барғанда азаматтық некедегі әйелі ер адамның Қазақстанда заңсыз жүргенін айтқан. "Бір әйелмен екі жылдан бері азаматтық некеде тұрады. Ол әйел фамилиясын, кім екенін анық білмейтін болып шықты. Ер адам Қазақстанда заңсыз жүрген екен, негізі Қарақалпақстан жерінен келген. Басқа аналар сақ болсын деп дабыл қағып жатырмын. Түрін көрсін, білсін, балаларына абай болса екен деймін. Оның есімі - Сабыр, 1968 жылы туған", - дейді Динара Айтмұратова. Полиция Сабыр есімді ер адамға фотосы арқылы іздеу жариялады. "Бұл факт аудандық полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта бұл адамның тегін және орналасқан жерін анықтау бойынша бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша оқиғаға қолданыстағы заңнама шеңберінде құқықтық баға берілетін болады", - дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайдилдин.
https://sputnik.kz/20210616/pedofilder-bostandykka-shygady-17357884.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1109/89/11098939_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_6700aacb7045b84f43fbc21da62632b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, педофил
АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында 11 жастағы қызды аңдыған 55 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. Жеткіншектің анасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Қыздың анасы Динара Айтмұратова 7 мамырдан бері ұйқыдан қалған.
"Менің әпкемнің қол астында бір жыл бұрын құрылысшы жұмыс істеген. Сол құрылысшы 11 жастағы қызыма қырындап, кездесуге шақырған. Басында бала түсінбей телефон номерін сұраса бере салыпты. Қызым магазинге барғанда да аңдып, неше түрлі сөздер айтқан. "Сен әдемісің, мен сені сағынып жүрмін, ойымнан шықпайсың, кездесейік" деп жаза берген", - дейді Динара Айтмұратова.
Қыздың туыстары құрылысшыдан ұялы телефонын алып алған. Алайда ол хабарламаларды өшіріп тастаған.
"Оның жасы 55-те. Қызымның номерін алғанын, жазғанын мойындады. Өзінің телефонынан хабарламаларды өшіріп тастаған. Бірақ мен кей жазбаларды скрин жасап үлгердім. Ұялы телефонын ақтарып қарасақ, тек порновидеолар көреді екен. Оның ішінде балалардың қатысумен болған порновидеолар бар. Көріп жаның түршігеді. Біз полиция шақырттық, ол қашып кетті", - дейді қыздың анасы.
Тұратын жеріне іздеп барғанда азаматтық некедегі әйелі ер адамның Қазақстанда заңсыз жүргенін айтқан.
"Бір әйелмен екі жылдан бері азаматтық некеде тұрады. Ол әйел фамилиясын, кім екенін анық білмейтін болып шықты. Ер адам Қазақстанда заңсыз жүрген екен, негізі Қарақалпақстан жерінен келген. Басқа аналар сақ болсын деп дабыл қағып жатырмын. Түрін көрсін, білсін, балаларына абай болса екен деймін. Оның есімі - Сабыр, 1968 жылы туған", - дейді Динара Айтмұратова.
Полиция Сабыр есімді ер адамға фотосы арқылы іздеу жариялады.
"Бұл факт аудандық полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта бұл адамның тегін және орналасқан жерін анықтау бойынша бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша оқиғаға қолданыстағы заңнама шеңберінде құқықтық баға берілетін болады", - дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайдилдин.