https://sputnik.kz/20230516/astanada-zeynetker-tunde-kelgen-kurerge-3-myn-dollar-bere-salgan-34945234.html
Астанада зейнеткер түнде келген курьерге 3 мың доллар бере салған
Астанада зейнеткер түнде келген курьерге 3 мың доллар бере салған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астанада 82 жастағы зейнеткер әйел алаяққа алданып, курьерге 3 мың долларын бере салды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Polisia.kz... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T16:18+0500
2023-05-16T16:18+0500
2023-05-16T16:18+0500
оқиға
алаяқтық
алаяқ
https://sputnik.kz/img/1279/49/12794938_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_69c99495271d02074cf14fa4c6868e92.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астанада 82 жастағы зейнеткер әйел алаяққа алданып, курьерге 3 мың долларын бере салды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Түн ортасында зейнеткердің үй телефонына біреу қоңырау шалып, жылаған дауыспен апатқа ұшырағанын және полиция бөлімшесінде ортырғанын айтқан. Сосын ақша сұрап, тұтқаны адвокатқа беремін деді. Ал өзін адвокат деп таныстырған кісі алдымен ұялы телефон нөмірін айтуды өтінді. Одан кейін сол телефонға WhatsApp арқылы қоңырау шалып, қызының полицияға түскенін, ал оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша керек екеніне сендірген. Қарт әйел бұған дейін қызымен сөйлескеніне сеніп, 3 мың долларды өзін жүргізуші ретінде таныстырған жас жігіт арқылы беріп жіберген.Зейнеткер әйел есін жиғасын немересіне қоңырау шалып, қызының жағдайын сұрағанда алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Содан бірден полицияға арыз түсірген.Жедел іздестіру шаралары барысында 24 жастағы жас жігіт ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Күдікті "курьер" қызметі үшін жалпы соманың 10 процентін алуы керек болған. Бірақ барлық ақшаны өзіне қалдырған.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам қамауға алынды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
https://sputnik.kz/20230504/munay-kompaniyasy-zhumys-aqtobe-alayaq-34570475.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1279/49/12794938_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_cded29ac0d9639ca322b8cdbbe2a7e90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ алаяқтық зейнеткер
Астанада зейнеткер түнде келген курьерге 3 мың доллар бере салған
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астанада 82 жастағы зейнеткер әйел алаяққа алданып, курьерге 3 мың долларын бере салды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Түн ортасында зейнеткердің үй телефонына біреу қоңырау шалып, жылаған дауыспен апатқа ұшырағанын және полиция бөлімшесінде ортырғанын айтқан. Сосын ақша сұрап, тұтқаны адвокатқа беремін деді. Ал өзін адвокат деп таныстырған кісі алдымен ұялы телефон нөмірін айтуды өтінді. Одан кейін сол телефонға WhatsApp арқылы қоңырау шалып, қызының полицияға түскенін, ал оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша керек екеніне сендірген. Қарт әйел бұған дейін қызымен сөйлескеніне сеніп, 3 мың долларды өзін жүргізуші ретінде таныстырған жас жігіт арқылы беріп жіберген.
Зейнеткер әйел есін жиғасын немересіне қоңырау шалып, қызының жағдайын сұрағанда алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Содан бірден полицияға арыз түсірген.
Жедел іздестіру шаралары барысында 24 жастағы жас жігіт ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Күдікті "курьер" қызметі үшін жалпы соманың 10 процентін алуы керек болған. Бірақ барлық ақшаны өзіне қалдырған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам қамауға алынды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.