Өңірлер

Мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызуға уәде берген: Ақтөбеде алаяқ әйел ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Жазылу
Жәбірленушілер алаяққа 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша берген
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының полиция департаменті "West Trans Group-M" ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Полицияның ақпаратынша, күдікті әйел мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алып отырған. Қазір полицияға 30-ға жуық алданған азамат шағымданды.
Тәртіп сақшылары осы әйелдің әрекетінен зардап шеккен азаматтардан облыстық полиция департаментінің 416 кабинетіне немесе 8(7132)936-416 телефонына хабарласуды сұрайды.
Басқа өңірлердің тұрғындары тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге арыздана алады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2023
Солтүстік Қазақстанда алаяқ әйел зейнеткердің ақшасын үптеп кетті
Жаңалықтар
0