Солтүстік Қазақстанда алаяқ әйел зейнеткердің ақшасын үптеп кетті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2023
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 3 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Келлеровка ауылында зейнеткерді алаяқ алдап кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бейтаныс әйел 80 жастағы кейуананы "дуаның кесірінен ауырып жүрсіз" деп сендірген. Денсаулықты қайта түзету үшін үйдегі ақшаны да дуадан аластау керек деп, аңқау қартты алдап соғып, жинап қойған 270 мың теңгесін жалған ақшаға айырбастап кеткен. Мұны білген әжей полицияға жүгінген.
"Қауіпсіздік камераларындағы бейнежазбада Skoda Octavia көлігі көзге түсті. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде бұрын осындай қылмыс үшін сотталған Қостанайдың 50 жастағы тұрғыны ұсталды", - деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі уақытты "алаяқтық" бабымен іс сотқа берілді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Семей тұрғыны туысының үйін өзінің атына аударып алған
Жаңалықтар
0