https://sputnik.kz/20230516/almaty-oblysynda-balasyn-dalaga-tastap-ketken-ana-tabyldy-34917224.html
Алматы облысында баласын айдалаға тастап кеткен әйел табылды
Алматы облысында баласын айдалаға тастап кеткен әйел табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында қоларбада жатқан бала табылды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T08:37+0500
2023-05-16T08:37+0500
2023-05-16T09:33+0500
алматы облысы
бала
ана
https://sputnik.kz/img/342/73/3427354_0:18:1920:1098_1920x0_80_0_0_24ac5abf33fdb02b3019fd9a73a9e756.jpg
АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында қоларбада жатқан бала табылды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді. Оқиға 15 мамырда болған. Айдалада қоларбада жатқан баланы тұрғындар тауып алып, полицияға хабарласқан. Полицияның айтуынша, әйел баласын тастамаған. "Баланың анасы телефон шалу үшін байланысы бар жер іздеп, жолдың арғы бетіне өтіп кеткен. Әйел адамның материалдық жағдайы жақсы, ақыл-есі дұрыс, толыққанды азамат", - дейді ведомстводағылар. Іс жүзінде тәртіп сақшылары анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша хаттама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://sputnik.kz/20230426/oralda-sabiin-qoqysqa-tastap-ketken-kokek-ananyn-kim-ekeni-anyqtaldy-34296335.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/342/73/3427354_135:0:1842:1280_1920x0_80_0_0_979993bd6f79224ce8425352e5a43731.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, бала, ана
Алматы облысында баласын айдалаға тастап кеткен әйел табылды
08:37 16.05.2023 (жаңартылды: 09:33 16.05.2023) АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында қоларбада жатқан бала табылды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Оқиға 15 мамырда болған. Айдалада қоларбада жатқан баланы тұрғындар тауып алып, полицияға хабарласқан.
"Қарасай ауданының полиция бөліміне сағат 10:08-де БАКАД Атом жолының 5 шақырмында сәбидің табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған жерге дереу полиция жасағы жіберіліп, көп ұзамай баланың анасы табылды", - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Полицияның айтуынша, әйел баласын тастамаған.
"Баланың анасы телефон шалу үшін байланысы бар жер іздеп, жолдың арғы бетіне өтіп кеткен. Әйел адамның материалдық жағдайы жақсы, ақыл-есі дұрыс, толыққанды азамат", - дейді ведомстводағылар.
Іс жүзінде тәртіп сақшылары анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша хаттама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.