https://sputnik.kz/20230426/oralda-sabiin-qoqysqa-tastap-ketken-kokek-ananyn-kim-ekeni-anyqtaldy-34296335.html
Оралда сәбиін қоқысқа тастап кеткен көкек ананың кім екені анықталды
Оралда сәбиін қоқысқа тастап кеткен көкек ананың кім екені анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Оралда қоқыс салатын бөшкеден табылған нәрестенің анасы 25 жастағы әйел кім екені анықталды. Мұнан басқа тағы екі баласы бар... 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T07:31+0500
2023-04-26T07:31+0500
2023-04-26T07:37+0500
көкек ана
орал
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24590736_0:9:1281:729_1920x0_80_0_0_cc49114a05309defda61441535725533.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Оралда қоқыс салатын бөшкеден табылған нәрестенің анасы 25 жастағы әйел кім екені анықталды. Мұнан басқа тағы екі баласы бар. Үшінші сәбиінен осылай құтылмақшы болған. Жұртты дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Нәресте қазір қалалық көпбейінді ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ұл бала уақытылы дүниеге келген, салмағы мен бойы қалыпты. Тек суық жерде 7-8 сағат жатып, екі өкпесіне де суық тиген.БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиеваның айтуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Бұл бап бойынша айыпталған адамға 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол 45 тәулікке қамалады. Көкек ананың баласын неліктен қоқысқа тастағанын полиция анықтайды.Еске сала кетейік, целлофан пакетке оралған шақалақты тұрғындар тауып алған болатын. Олар баланың шырқырап жылағанын естігенімен, басында мысық деп ойлапты. Бірақ шырыл басылмағасын, сыртқа шыққан үй иесі күнделікті қоқыс төгетін бөшкенің ішіндегі мысық емес, шақалақ екенін көрген. Осыдан кейін баланы жылы жерге апарып, жедел жәрдем шақыртқан."Үйде тумаған, моншада туған. Коробкаға орамалды қойдық та, сразу шығарып, орап қойдық. Мына жерге жатқызып, бетін ашып қойдық. Сосын дереу жедел жәрдем шақырдық", - дейді қала тұрғыны Дамир Қожанғалиев.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24590736_48:0:1189:856_1920x0_80_0_0_bcd05c40a54681838feca34550f412ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкек ана, орал
Оралда сәбиін қоқысқа тастап кеткен көкек ананың кім екені анықталды
07:31 26.04.2023 (жаңартылды: 07:37 26.04.2023) АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Оралда қоқыс салатын бөшкеден табылған нәрестенің анасы 25 жастағы әйел кім екені анықталды. Мұнан басқа тағы екі баласы бар. Үшінші сәбиінен осылай құтылмақшы болған. Жұртты дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Нәресте қазір қалалық көпбейінді ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ұл бала уақытылы дүниеге келген, салмағы мен бойы қалыпты. Тек суық жерде 7-8 сағат жатып, екі өкпесіне де суық тиген.
"Бала екіжақты пневмонияға шалдыққан. Ми гипоксиясы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы деген диагноз қойып отырмыз. Соған байланысты қазір ем алып жатыр. Бүгінгі күнде баланың жағдайы бірқалыпты, дене қызуы қалыпқа келді", - дейді БҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры Мақсат Оразбаев.
БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиеваның айтуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл бап бойынша айыпталған адамға 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол 45 тәулікке қамалады. Көкек ананың баласын неліктен қоқысқа тастағанын полиция анықтайды.
Еске сала кетейік, целлофан пакетке оралған шақалақты тұрғындар тауып алған болатын. Олар баланың шырқырап жылағанын естігенімен, басында мысық деп ойлапты. Бірақ шырыл басылмағасын, сыртқа шыққан үй иесі күнделікті қоқыс төгетін бөшкенің ішіндегі мысық емес, шақалақ екенін көрген. Осыдан кейін баланы жылы жерге апарып, жедел жәрдем шақыртқан.
"Үйде тумаған, моншада туған. Коробкаға орамалды қойдық та, сразу шығарып, орап қойдық. Мына жерге жатқызып, бетін ашып қойдық. Сосын дереу жедел жәрдем шақырдық", - дейді қала тұрғыны Дамир Қожанғалиев.