Экономика

"ҚазТрансОйл" мен "Роснефть" мұнайды транзиттеу келісімшартын ұзартты

© Photo : Пресс-служба АО "КазТрансОйл"ҚазТрансОйл
ҚазТрансОйл - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Қазақстандық "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы мен ресейлік "Роснефть" компаниясы 2034 жылға дейін Қытайға жыл сайын 10 миллион тонна ресейлік мұнайды транзиттеу туралы келісімшартты ұзартты, деп хабарлады қазақстандық компанияның баспасөз қызметі.
"ҚазТрансОйл" АҚ мен "Роснефть "ҰК" арасындағы шартқа қосымша келісімшартты 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды, жылына 10 миллион тонна Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдауды және қолданыстағы тарифті сақтауды көздейді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Былтыр желтоқсанда Ресей үкіметі Қазақстанмен оның аумағы арқылы Қытайға 10 миллион тонна Ресей мұнайын транзиттеу туралы келісімді 10 жылға - 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартуды мақұлдағанын хабарлады.
Қазақстанда мұнай тасымалдау тарифі өсуі мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Экономика
Қазақстанда мұнай тасымалдау тарифі өсуі мүмкін
Жаңалықтар
0