Экономика

Қазақстанда мұнай тасымалдау тарифі өсуі мүмкін

© Photo : Пресс-служба АО "КазТрансОйл"Қазақстанда мұнай тасымалдау тарифі өсуі мүмкін
Қазақстанда мұнай тасымалдау тарифі өсуі мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
"Қазтрансойл" АҚ тарифті мың шақырымға тоннасына 5 012,42 теңгеге дейін 15%-ке көтеруге өтінім берді
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ құбыр жүйесі арқылы Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметінің тарифін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлады бейсенбіде ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

"Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметі тарифінің жобасы 1000 шақырымға тоннасына 5 012,42 теңгені құрады. Бұл бекітілген тариф деңгейінен 656,86 теңге немесе 15%-ға жоғары", - делінген компания хабарламасында.

Ел заңнамасына сәйкес өзгертілген тарифті бекіту туралы шешімді ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті қабылдайды.
2021 жылдан бастап 1000 километрге тоннасына 4355,57 теңге (қосымша құн салығынсыз) тасымалдау тарифі күшіне енеді.
"ҚазТрансОйл" АҚ - магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тобына кіреді. Оған ұзындығы 5,4 мың шақырым болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісі тиесілі.
Жаңаөзен - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Президент: Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді, бұл - дұрыс емес
Жаңалықтар
0