Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші "алтын" түсті

© Photo : Пресс-служба Казахстанской федерации бокса Капитан сборной Казахстана по боксу Асланбек Шымбергенов на чемпионате мира
Капитан сборной Казахстана по боксу Асланбек Шымбергенов на чемпионате мира - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстандық былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергенов Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алтын жүлде иеленді.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жекпе-жекке түсті. Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов бірінші және үшінші раундта қарсыласынан басым түсті. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Енді Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) алтын медаль үшін таласады.
Айта кетсек, бүгін 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке түскен қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. "Қазақтың Ломаченкосы" деген лақапатқа ие боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Бұған дейін финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді. Ал 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дулат Бекбауов өзбек боксшысы Асадхудж Муйдинхуджаевтен жеңіліп қалып, күміс жүлдеге ие болды.
Махмуд Сабырхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Екі рет нокдаунға жіберді: Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды - видео
Жаңалықтар
0