Екі рет нокдаунға жіберді: Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды - видео

© PhotoМахмуд Сабырхан
Махмуд Сабырхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке түскен қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен шаршы алаңға шықты. "Қазақтың Ломаченкосы" деген лақап атқа ие қазақстандық боксшы үш раундта да қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ жекпе-жек кезінде өзбекстандыққа қатысты екі рет нокдаун тіркелді.
Бүгін сондай-ақ Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) алтын медаль үшін таласады.
Айта кетсек, бұған дейін финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді. Ал 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Дулат Бекбауов өзбек боксшысы Асадхудж Муйдинхуджаевтен жеңіліп қалып, күміс жүлдеге ие болды.
Санжар Ташкенбай. Финал - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай қоржынға алғашқы "алтын" салды
Жаңалықтар
0