Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай қоржынға алғашқы "алтын" салды

Санжар Ташкенбай. Финал - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай Қазақстан қоржынына алғашқы "алтынды" салды.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен боксшы Санжар Тәшкенбай грузиялық Сахил Алахвердовимен жұдырықтасты. Бірінші раундта Тәшкенбай 5:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта бұл басымдықты (5:0) сақтап қалды. Үшінші раундта қазақстандық тағы да басым түсіп, төрешілердің шешімімен жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті.
Осылайша Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Алахвердови турнирдегі жекпе-жегін күміс медальмен аяқтады.
Санжар Тәшкенбай 2019 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Азия чемпионы атанды. Ал оның қарсыласы Сахил Алахвердови 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және қазіргі Еуропа чемпионы.
Айта кетсек, әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 млн доллар. Алтын медаль алғандарға 200 мың доллар, күміске 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.
Асланбек Шымбергенов, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов те финалға шықты
Жаңалықтар
0