"Өзенмұнайгаз" компаниясының жұмысында жаңа заңбұзушылықтар анықталды

озенмунайгаз жанаозен
озенмунайгаз жанаозен - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Жаңаөзенге жіберілген "ҚазМұнайГаз" компаниясының жұмыс тобы "Өзенмұнайгаз" АҚ қызметіндегі жаңа заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды KMG_Zhanaozen телеграм-арнасы.
Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр.
"ҚазМұнайГаз" ҰК арнайы жұмыс тобы "Өзенмұнайгаз" бен қаладағы мұнай сервистік кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында бір типті су жылыту қондырғыларын қайта құру кезінде жұмыс құнының арасындағы айтарлықтай айырмашылықты анықтады.
Осылайша, 3 су жылыту қондырғысын (ВГУ-1 НГДУ-3) қалпына келтірудің жалпы құны қосылған құн салығы есебімен 525 миллион 482 мың теңгені құрады. Бұл ретте бір ғана қондырғыны (ВГУ-3а-С НГДУ-1) қалпына келтіру құны ҚҚС есебімен 380 миллион теңгеден асып түсті.
Бұл осы тектес НГДУ-3 қондырғысын қайта құрудан 2 еседен аса қымбатқа түскен. Мамандар мұндай айырмашылықтың себебін анықтап жатыр.
Сондай-ақ сатып алуды басқару стандартына сәйкес "Өзенмұнайгаз" мен "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС арасында 2022 жылы жалпы сомасы 2 миллиард 582 миллион 699 мың теңгеге ұңғымаларды жерасты жөндеуге келісімшарт жасалды және жалпы жұмыс көлемі 371 ұңғымаға жерасты жөндеуді (немесе 30 040,7 бригада сағаты) қамтыды.
Тексеру барысында "Өзенмұнайгаз" бюджет кодексінің 97-бабының 6-1-тармағын бұза отырып, жалпы сомасы 26 миллион 951 мың теңгені құрайтын 300 сағатқа артық жұмыс уақытының нормативімен орындалған жұмыс актілерін қабылдағаны белгілі болды.
Сонымен қатар орындалмаған жұмыс көлемі анықталды. Себептерін нақтылау жүріп жатыр.
Сондай-ақ жұмыс тобы 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін және 2023 жылдың наурызынан қазіргі уақытқа дейін "Өзенмұнайгаз" компаниясы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның сатып алу тәртібінің нормаларын қолданбай, АИ-95 маркалы бензинін жүргізушілерге жалақы алатын карталарына ақша аудару арқылы сатып алғанын анықтады.
Сонымен бірге осы жылдың қаңтар айында "Өзенмұнайгаз" сатып алу тәртібін бұза отырып, күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілік шегінде қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бекітілген тізбесіз 69 тонна көлемінде АИ-95 маркалы бензинін сатып алған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2023
Қоғам
Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" АҚ-да тексеріс жүргізеді
Жаңалықтар
0