Қоғам

Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" АҚ-да тексеріс жүргізеді

© Photo : Yerbolat ShadrakhovАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы "ҚазМұнайГаз" еншілес компаниясы – "Өзенмұнайгаз" АҚ тендерлерінің заңдылығын тексереді.
"Бас прокурордың тапсырмасымен Маңғыстау облысына орталық аппараттың тәжірибелі қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы келді. Олар "Өзенмұнайгаз" АҚ-да тендерлерді өткізу кезінде заңның сақталғаны және ашықтығына тексеріс жүргізеді", - делінген бас прокуратураның хабарламасында.
Мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп келеді. Олардың айтуынша, еңбек жағдайлары нашарлап, еңбекақылары төмендеген. Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның қаржы-шаруашылық құжаттамасын және сатып алу жүйесінде ықтимал заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың бар-жоғын тексереді.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының және жалпы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізіліп жатыр.
Тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысы, кәсіпкерлікті, мәдениет, спорт, туризмді және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және өңір үшін маңызды басқа да бағыттар саласындағы проблемалық мәселелер қаралады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері жұртшылыққа жеткізіледі, деп хабарлады прокуратура.
Қазіргі күні қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС-де жымқыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Өзенмұнайгаз" АҚ және "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС лауазымды адамдары аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.
10 сәуірде "БерАли Маңғыстау company" сервистік компаниясының қызметкерлерін жұмыстан шығаруға наразылық білдірушілер тобы Астанаға келіп, энергетика министрлігі ғимаратының алдында түнегеннен кейін "Өзенмұнайгаз" қызметіне мемлекеттік органдардың назары ауды. 11 сәуірде наразылық білдірушілермен келіссөздер басталды.
Ереуілшілер оларды "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына жұмысқа орналастыруды талап етті.
Ал 12 сәуірде наразылық білдірген мұнайшылар Жаңаөзенге пойызбен қайтты.
озенмунайгаз жанаозен - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
Арнайы комиссия "Өзенмұнайгаз" компаниясында бірқатар заңбұзушылықты анықтады
Жаңалықтар
0