Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды

© sports.kzДулат Бекбауов
Дулат Бекбауов 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық өзбек боксшысы Асадхудж Муйдинхуджаевтен жеңіліп қалды.
Айта кетсек, бұған дейін финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді.
Қалған үш боксшымыз алтын жүлде үшін ертең таласады - Махмұд Сабырхан (54 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг).
Санжар Ташкенбай. Финал - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай қоржынға алғашқы "алтын" салды
Жаңалықтар
0