"Алтын белгі" үміткерлері қорытынды емтиханды өз мектебінде тапсырады

© Sputnik / Владислав ВодневПоследний звонок 2021
Последний звонок 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр - Sputnik. Түскен көптеген ұсыныстарды ескеріп, сарапшылармен ақылдаса келе, министрлік "Алтын белгіге" үміткерлер биылғы және келесі жылдары оқу бітіру емтихандарын өз мектептерінде тапсырады деген шешім шығарылды, деп хабарлайды Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің сайты.
"Біздің оқушыларымыздың моральдық қағидаттары жоғары екеніне және емтихан тапсыру кезінде академиялық адалдықты сақтайтынына сенімдімін. Сіздерге өз мақсаттарыңызға жетуде табандылық тілеймін", – деді Ғани Бейсембаев.
Елдің бас ұстазы мемлекет сапалы білім берудің мықты іргетасын қалау және талантты балаларды қолдау үшін барлық қажетті жағдайларды жасап жатқанын айтты. Сондықтан бізге келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды ескере отырып, сарапшылармен кеңесіп, министрлік биылдан бастап "Алтын белгі" үміткерлері алдағы уақытта өздерінің білім орнында мектеп бітіру емтихандарын тапсырады деген шешім қабылданды, деді Ғани Бейсембаев.
Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп бітірушілер – жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатына үміткерлермен кездесті.
Ашық диалог алаңында 7 мыңға жуық түлек министрге өз сұрақтарын тікелей қоя алды. Ғани Бейсембаев білім беру жүйесін дамыту бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталып, "Алтын белгіге" үміткерлер үшін қорытынды емтихандарын өз мектептерінде өткізу туралы бұйрыққа қол қойылғанын хабарлады.
Бір жарым сағатқа созылған жиында түлектер оқу-ағарту министріне түрлі сауалдарын қоя алды.
Биылғы жылы жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатына 6 817 оқушы үміткер екені атап өтілді.
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Білім
ҰБТ-2023: биылғы сынақтың негізгі өзгерістері қандай
Жаңалықтар
0