Жұмыссыз қалғандар төлемақы алу үшін банк қосымшасы арқылы өтінім бере алады

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон
Смартфон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар жұмысынан айырылғаны үшін төлемақы алу үшін банктің, атап айтқанда, Halyk мобильді қосымшасы арқылы өтініш жібере алады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жұмыссыз қалып, мемлекеттік органда тіркелген адамдар жоғалған табыстың 45%-на дейінгі мөлшердегі төлемді 1 айдан 6 айға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ала алады.
Төлемді алу үшін тиісті өтінімді жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, "Электронды үкімет" порталы, Enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы немесе тиісті SMS-хабарламаға жауап бере отырып, проактивті түрде беру қажет болды.
Енді "Halyk" мобильді қосымшасының пайдаланушылары "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде де өтініш бере алады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 процентін алады
Жаңалықтар
0