Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан жиырма жастағы қарағандылық ұсталды

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Атырауда синтетикалық есірткі сатып келген қарағандылық ұсталды.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 жастағы тұрғын синтетикалық есірткіні жасыру әдісімен сатып келген.

"Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласындағы "Авангард" мөлтек ауданында синтетикалық есірткіні сатумен айналысатын 2003 жылы туған күдіктіні ұстады. Оның Қарағанды облысының тұрғыны екені анықтады. Тәркіленген есірткіге сараптама жасалды. Сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 6,2 грамм синтетикалық есірткі екені белгілі болды", - деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Трамадол есірткі заттарының тізіміне енгізілді – министрлік ескерту жасады
Жаңалықтар
0