Ташкенттегі әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

© Photo : Пресс-служба Казхстанской федерации бокса Санжар Тәшкенбай, архивтегі фото
Санжар Тәшкенбай, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жартылай финалда Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен жұдырықтасты. Ресейдің төрт дүркін чемпионы бірден шабуылға шығып, Санжарға қысым жасауға тырысты. Бірақ қазақстандық боксшы қарап қалған жоқ, бірнеше соққысын дәл тигізе білді. Осылайша, бірінші раундта айқын басымдыққа ие болды. Екінші раунд да Тәшкенбайдың пайдасына шешілді. Үшінші раундта Худоян ештеңе істей алмады. Санжар Тәшкенбай жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалына шықты.
Айта кетері, жартылай финалға тағы төрт боксшымыз шықты. Олар: Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (61 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі).
Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 млн доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар алса, күміс 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.
Азия чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2023
Спорт
Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0