Спорт

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды

© Photo : Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіАзия чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды
Азия чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2023
Жазылу
Азия чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Чемпионат 18-26 қаңтарда өтті. Елге оралған жеңімпаздарды әуежайдан жерлестері қошеметпен қарсы алды.
"Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Ұзақ уақыт жолда болып, жарыстан шаршаған боксшылардың көңіл-күйі көтеріліп қалды. Біз халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі көп жұмыс бар. Əуелі халықтың, сосын мемлекет пен федерация қолдауының арқасында отандастарымызды тағы да қуантамыз деп сенемін", - деді ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2-орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Өзбекстанмен медаль саны жағынан теңбіз.
"Бангкоктағы додада мен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түстім. Бұл олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Енді ауысқандықтан қиындау болды. Соған қарамастан жақсы нəтиже көрсеттім деп ойлаймын. Мақсат баяғыдай – олимпиада алтынын жеңіп алу", - деді ұлттық құрама көшбасшысының бірі Махмұд Сабырхан.
Еске салсақ, Таиланд төрінде Санжар Ташкенбай (49 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Жасмин Қизатова (70 кг) мен Гүлсая Ержан (81 кг) өз салмағында чемпион атанды. Сонымен қатар, 22 жасқа дейінгі жас спортшылар 3 күміс пен 12 қола жүлдеге ие болды. Барлығы 25 боксшының 20-сы медальмен оралды.
Азия чемпионатында барлығы 12 елдің боксшысы жүлде жеңіп алды.
Енді спортшылар аз-кем демалыстан соң, басқа халықаралық турнирлерге дайындықты бастайды.
Жаңалықтар
0