Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан үздіктер қатарынан танылды

© Public DomainШтанга, тяжелая атлетика
Штанга, тяжелая атлетика - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлеттер бақ сынады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесінде 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Әзірге біздің құраманың қоржынында 2 қола бар. 3-орынды 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей мен 73 келі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин иеленді.
11 мамыр 2 жаттығудың қорытындысы бойынша, Айша Омарова 4-ші болды. Спортшы 87 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
12 мамыр күні қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов және Андас, одан кейін 13 мамырда Айсамал Сансызбаева мен Любовь Ковальчук алаңға шығады.
Нора Джеруто  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Спорт
Қазақстанның жеңіл атлетика тарихына енген спортшы жарыста кімнен қауіптенгенін айтты
Жаңалықтар
0