https://sputnik.kz/20220721/qazaqstan-tarikhyna-engen-zhenil-atlet-26257162.html
Қазақстанның жеңіл атлетика тарихына енген спортшы жарыста кімнен қауіптенгенін айтты
Қазақстанның жеңіл атлетика тарихына енген спортшы жарыста кімнен қауіптенгенін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған Нора Джерутов журналистерге сұхбат... 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T13:57+0500
2022-07-21T13:57+0500
2022-07-21T13:57+0500
спорт
жеңіл атлетика
https://sputnik.kz/img/07e6/07/15/26245800_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_34b9552bd45923e41c9188ee0e3b12f9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған Нора Джерутов журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Worldathletics басылымына сілтеме жасап. Спортшы Африка құрлығынан келген жеңіл атлеттерден қауіптенген. Себебі олардың барлығы тез жүгіреді. Әлем чемпионы ата-анасына, бапкері мен менеджеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, жарысқа қатысқан апасы Дэйзиге де ерекше ризашылығын білдірді. "Ол осы қашықтықта финалға шыға алмады. Оған айтарым, келесі жолы чемпион боласың", – деді Джеруто. Айта кетері, 26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды. Осы межені 8:53.02 уақытта жүгіріп өтті. Сөйтіп, рекорд орнатты. Осы маусымда Нора Джеруто АҚШ-та Diamond League-тің кезеңінде жеңіске жеткен еді. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Орегон қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады. Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/15/26245800_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8e59e622e449493c4fc9eea2fffc4417.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіл атлетика
Қазақстанның жеңіл атлетика тарихына енген спортшы жарыста кімнен қауіптенгенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған Нора Джерутов журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Worldathletics басылымына сілтеме жасап.
Спортшы Африка құрлығынан келген жеңіл атлеттерден қауіптенген. Себебі олардың барлығы тез жүгіреді.
"Мен жарыс алдында Эфиопиядан келген әріптестерімнен қауіптендім. Олар да мен сияқты чемпион, сол себепті қауіп болды. Жеңіске жету үшін бар күшімді салдым, оңай болған жоқ", – дейді Джеруто.
Әлем чемпионы ата-анасына, бапкері мен менеджеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, жарысқа қатысқан апасы Дэйзиге де ерекше ризашылығын білдірді.
"Ол осы қашықтықта финалға шыға алмады. Оған айтарым, келесі жолы чемпион боласың", – деді Джеруто.
Айта кетері, 26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды. Осы межені 8:53.02 уақытта жүгіріп өтті. Сөйтіп, рекорд орнатты.
Осы маусымда Нора Джеруто АҚШ-та Diamond League-тің кезеңінде жеңіске жеткен еді. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Орегон қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады.
Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын.