Атырауда жаңадан орнатылған электр бағаналары апатты жағдайда тұр

© Photo : Pixabay / David MarkЛиния электропередачи
Линия электропередачи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Атырауда мыңнан астам электр бағанасы апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Бірнеше жыл бұрын ғана орнатылған бетон тіреуіштер қақ жарылып, шетінен үгітіліп жатыр.
"Самал" ықшам ауданындағы көшеде көлік пен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген бағандарды ауыстыруды тұрғындар талай мәрте талап еткен екен. Алайда әкімдік жанайқаймызға құлақ аспады деп отыр.
Ал атқамінерлер сапасыз құрылысты салған компаниямен соттасып, жеңіліп қалғанын айтады. Сондықтан электр бағаналарын қайтадан жаңартуға қаржы іздеп жатыр.
"Мынаны біреу қағып кетсе, бағана сынса, астында адам қалып қала ма, келе жатқан техника сына ма, әлде үйлерге зақым келе ме, білмейміз. Біреуміреу тоққа түсуі мүмкін. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына да бардық, "иә, шешеміз" деп, бірақ әлі еш нәтиже жоқ", - дейді аудан тұрғыны Жаңабай Тәжіғалиев.
Аудандағы электр бағаналары бірнеше жыл бұрын ғана жаңартылған. Сапасыз құрылысты жүргізген "Атырау көлік" компаниясы екен. 2020 жылы әкімдік құлауға шақ тұрған 200 бағананы мердігерге айтып ауыстырғызған.
Одан соң тағы 300-ге жуығының сапасыз екені анықталыпты. Бірақ бұл кезде құрылыс компаниясының кепілдік мерзімі аяқталып кеткен. Сондықтан атқамінерлер мердігермен соттасып, жеңіліп қалған. Енді бірнеше жыл бұрын ғана орнатылған бағаналарды қайта ауысытыруға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып жатыр.
"2022 жылы 300-ден астам тағы бағанның жарылып жатқаны анықталды. Құрылыс бөлімі тарапынан сотқа берілді. Алайда соттан ұтылып қалып отырмыз. Бірақ енді қазір ТКШ тарапынан осы жарылған тек "Самал" ықшамауданы емес, жалпы қалада 1400-ден астам жарылған баған анықталды. Бюджеттен ақша сұратылып отыр. Ақша бөлінген соң, барлық бағана ауыстырылады", - дейді Атырау құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Абылай Ғұмаров.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Жылу және электр энергиясы қанша пайызға қымбаттайтыны белгілі болды
Жаңалықтар
0