Алматы облысында мәдениет басқармасының басшысы ұсталды

© Sputnik / Владислав Водневжемқорлық
жемқорлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналдырылған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Осы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды",- делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Байлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Субсидия алған кейбір пысықайлар бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген - Тоқаев
Жаңалықтар
0