https://sputnik.kz/20230511/temirzholdyn-57-tozgan-zholaushylar-poyyzy-3-sagattap-keshigip-zhatyr-34782065.html
Теміржолдың 57%-і тозған: жолаушылар пойызы 3 сағаттап кешігіп жатыр
Теміржолдың 57%-і тозған: жолаушылар пойызы 3 сағаттап кешігіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда барлық бағытта жолаушылар пойызы 2-3 сағаттап кешігіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 11.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-11T16:32+0500
2023-05-11T16:32+0500
2023-05-11T16:53+0500
пойыз
теміржол
https://sputnik.kz/img/89/47/894745_19:0:981:541_1920x0_80_0_0_2fdccbfebff31e75f7fb60c61aaee258.jpg
АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда барлық бағытта жолаушылар пойызы 2-3 сағаттап кешігіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Алматыдағы темір жол вокзалдарында діттеген жеріне дер кезінде жете алмай, сарсаңға түскен жолаушы көп. Себебі пойыздар кемінде екі сағаттап кешігіп жатыр.Қарағандылық Бақытгүл Матуова Алматыға жолаушылаймын деп жолдың машақатын тартқан."Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстандағы темір жол магистралінің 57%-і әбден тозған."Пойыздардың кешігуінің негізгі себебі магистральдық жолдар 57%-ке дейін әбден тозған. Осы себепті жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолаушылар пойыздарының жылдамдығын төмендетуге мәжбүрміз", - дейді ведомство.Акционерлік қоғамның айтуынша, пойыздардың кешігуін азайту үшін бірқатар технологиялық шара қабылданып жатыр."Мысалы, аз жүктелген учаскелер арқылы вагон ағындарының бағыттарын өзгерту, локомотивтерді қайта орналастыру, ірі тораптық станциялар мен учаскелердің өткізу қабілетін тиімді пайдалануға бар күшімізді салып жатырмыз", - дейді "Қазақстан темір жолы" АҚ мамандары.
https://sputnik.kz/20230301/grekiya-eki-poyyz-soqtygysyp-26-adam-koz-zhumdy-32570586.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/89/47/894745_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_2a21f4dc8df02e1f9763dcf0db1704c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, теміржол
Теміржолдың 57%-і тозған: жолаушылар пойызы 3 сағаттап кешігіп жатыр
16:32 11.05.2023 (жаңартылды: 16:53 11.05.2023) АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда барлық бағытта жолаушылар пойызы 2-3 сағаттап кешігіп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алматыдағы темір жол вокзалдарында діттеген жеріне дер кезінде жете алмай, сарсаңға түскен жолаушы көп. Себебі пойыздар кемінде екі сағаттап кешігіп жатыр.
Қарағандылық Бақытгүл Матуова Алматыға жолаушылаймын деп жолдың машақатын тартқан.
"Алматыға қарай келерде "Алматы-Астана" пойызына билет алдық. Ол түнгі сағат 00:48-де жүріп кету керек болған. Бірақ екі сағаттан кейін ғана жүрді. Бізге астанадан 40 минут кешігіп шықты деді. Ал Алматыдан Қарағандыға жүрерде де дәл осы "Алматы-Астана" пойызына билет алдық. Пойыз сағат 19:25-те жүру керек болған. Екі сағат кешігіп жүрді.Қарағандыға 10:45-те жетуіміз керек еді, өкінішке орай сағат 15:00-ге таман жеттік, Қарағандыға үш сағат кешігіп келдік", - дейді Бақытгүл Матуова.
"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстандағы темір жол магистралінің 57%-і әбден тозған.
"Пойыздардың кешігуінің негізгі себебі магистральдық жолдар 57%-ке дейін әбден тозған. Осы себепті жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолаушылар пойыздарының жылдамдығын төмендетуге мәжбүрміз", - дейді ведомство.
Акционерлік қоғамның айтуынша, пойыздардың кешігуін азайту үшін бірқатар технологиялық шара қабылданып жатыр.
"Мысалы, аз жүктелген учаскелер арқылы вагон ағындарының бағыттарын өзгерту, локомотивтерді қайта орналастыру, ірі тораптық станциялар мен учаскелердің өткізу қабілетін тиімді пайдалануға бар күшімізді салып жатырмыз", - дейді "Қазақстан темір жолы" АҚ мамандары.