https://sputnik.kz/20230301/grekiya-eki-poyyz-soqtygysyp-26-adam-koz-zhumdy-32570586.html
Грекияда екі пойыз соқтығысып, 26 адам көз жұмды
Грекияда екі пойыз соқтығысып, 26 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Грекияда жүк және жолаушылар пойыздары соқтығысып, 16 адам қаза болды, кемінде 85 адам жараланған. Жолаушыларды құтқару операциясы... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T08:36+0500
2023-03-01T08:36+0500
2023-03-01T08:36+0500
әлем
грекия
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e7/03/01/32569507_0:0:800:450_1920x0_80_0_0_f586fa4edf7b6d06eb13ec9d95fd8e05.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Грекияда жүк және жолаушылар пойыздары соқтығысып, 16 адам қаза болды, кемінде 85 адам жараланған. Жолаушыларды құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости елдің өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.Пойыздар Лариса қаласына жақын Темпи қалашығында соқтығысқан. Төтенше жағдай түн ортасында Афиныдан солтүстік-батысқа қарай 200 шақырымнан астам жердегі Эвангелизмос станциясында болды.Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Соқтығыс салдарынан өрт болып, үш вагон рельстен шығып кетті."Адамдарды шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 26 адам көз жұмды, жараланған 85 адам ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді Грекия өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Василис Вартакояннис.Бұған дейін апаттан 16 адам қаза болғаны хабарланған еді.Вартакояннистің айтуынша, ТЖ орнына 40 өрт сөндіруші мен 17 машина, сондай-ақ 30 жедел жәрдем автокөлігі жіберілді.Жергілікті телеарна пойызда 350 адам болғанын хабарлады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Афины – Салоники жолаушылар пойызы 19:22-де рейске шыққан.Hellenic Train компаниясының сайты сейсенбі күні пойыздар уақытынан кешігіп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Афины – Салоники пойызы 48 минутқа кідіріп жолға шыққан. Ал Салоникидан Афиныға баратын пойыз 70 минутқа кешіккен.
грекия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/01/32569507_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_78845b274b6c22d810e2efc5764475a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грекия, пойыз
Грекияда екі пойыз соқтығысып, 26 адам көз жұмды
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Грекияда жүк және жолаушылар пойыздары соқтығысып, 16 адам қаза болды, кемінде 85 адам жараланған. Жолаушыларды құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды
РИА Новости елдің өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.
Пойыздар Лариса қаласына жақын Темпи қалашығында соқтығысқан. Төтенше жағдай түн ортасында Афиныдан солтүстік-батысқа қарай 200 шақырымнан астам жердегі Эвангелизмос станциясында болды.
Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Соқтығыс салдарынан өрт болып, үш вагон рельстен шығып кетті.
"Адамдарды шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 26 адам көз жұмды, жараланған 85 адам ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді Грекия өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Василис Вартакояннис.
Бұған дейін апаттан 16 адам қаза болғаны хабарланған еді.
Вартакояннистің айтуынша, ТЖ орнына 40 өрт сөндіруші мен 17 машина, сондай-ақ 30 жедел жәрдем автокөлігі жіберілді.
Жергілікті телеарна пойызда 350 адам болғанын хабарлады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Афины – Салоники жолаушылар пойызы 19:22-де рейске шыққан.
Hellenic Train компаниясының сайты сейсенбі күні пойыздар уақытынан кешігіп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Афины – Салоники пойызы 48 минутқа кідіріп жолға шыққан. Ал Салоникидан Афиныға баратын пойыз 70 минутқа кешіккен.